homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев пен Трамп тағы да кездеседі

09.01.2026, 16:33

Тоқаев АҚШ-қа тағы сапарлап, Трамппен жүздеспек. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт Ақорда резиденциясында өткен сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен соң айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Джули Стаффт Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы тұрақты әрі сенімді диалогқа ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мемлекет басшылары үнемі байланыста, өзара пікір алмасып отырады.

«Президент Тоқаев қараша айында Вашингтонға ресми сапармен барды, жақында Президент Трамппен тағы сөйлесті және алдағы кезеңде АҚШ-қа қайта сапар жасауды жоспарлап отыр. Біз бұл қарым-қатынастардың алдағы уақытта да серпінді түрде дами беретініне үміт артамыз», – деді елші.

Елші соңғы сапарлардан кейін қалыптасқан оң серпінді сауда-экономикалық, мәдени, қорғаныс және гуманитарлық байланыстарды тереңдету үшін тиімді пайдалану қажет екенін айтты. «Бұл жұмыс қазірдің өзінде басталып кетті», – деп түйіндеді ол.

Джулли Стаффты Астанаға елші ретінде жіберу туралы шешімді АҚШ Сенаты өткен жылдың қараша айында қабылдаған. Мемлекеттік департаментте 25 жылдан астам уақыт қызмет атқарған ол ағылшын, орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген. 

 

Ал, өткен жылдың қазанында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі де ауысқан. Ержан Ашықбаевты Мағжан Ілиясов алмастырды.