homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкенттің бұрынғы әкімі «Самұрық-Қазынаға» қызметке келді

09.01.2026, 14:17

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы – Samruk-Kazyna Construction компаниясында лауазым алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. 

Бұл ақпарат компанияның Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған «ПГУ Түркістан» жобасы аясында өткен жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Samruk-Kazyna Construction басшылығының кеңсеге сапары туралы дерек әлеуметтік желілерде жарияланған.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметін алғаш рет 2015 жылы атқарған. 2017 жылы «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалып, кейін қайтадан Шымкент әкімі қызметіне оралған. 2019 жылдың маусымында қызметінен босатылды.