homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Депутаттың декларациясында жарты миллиардтық қосымша табыс көрсетілген

09.01.2026, 12:32

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев 2024 жылға арналған декларациясында 528,6 млн теңге көлеміндегі қосымша табысын көрсеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл қаражатқа оның парламенттегі ресми жалақысы кірмейді.

Ашық деректерге сәйкес, Ерлан Барлыбаев 2016 жылдан бері депутаттық қызмет атқарып келеді. 2021 жылы VII шақырылым Мәжілісінің мандатын алған, Ақ жол партиясының мүшесі.

Сондай-ақ өзге де депутаттардың отбасыларына қатысты мәліметтер жарияланған. Мәжіліс төрағасының жұбайы Гүлжан Абауова 1,58 млн теңге табыс тапқанын көрсетсе, төраға орынбасары Альберт Раудың жұбайы 10,8 млн теңге табыс алған. Ал қалған парламентарийлер әзірге декларацияларын жарияламаған немесе жалақысынан тыс қосымша кірісін көрсетпеген.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап депутаттар мен саяси қызметшілердің декларацияларын ресми сайттарда жариялау міндеттелді.