homepage
Фото: Ашық дереккөзден

"Аурудағыдай": ұлының еміне деп ақша жинаған Тотақановтарға сот үкімі шықты

09.01.2026, 11:31

Ұлының еміне деп халықтан 1,3 млрд теңге жинаған ерлі-зайыпты Дәулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Қайырымды қазақстандықтардан төрт жыл ішінде 1,3 млрд теіге жинап, оны жеке басының қажеттілігіне жұмсады деп айыпталған олар бүгін ақтық сөзін айтып, ақталды. “Біз шалқып өмір сүрген жоқпыз, бұлай баю біздің ойымызда да болған жоқ”, – деді Толқын Тотақанова соттағы соңғы сөзінде. 

Тергеу дерегінше, ​2020 жылдан 2024 жылға дейін Тотақановтар @altair_tota атты Instagram парақшасын жүргізіп, ондағы жазбаларда баласының ауыр дертке шалдыққанын айтып, елден көмек сұраған. Жиналған 1,3 млрд теңгенің небәрі 6,4-6,5 млн теңгесі баланың еміне жұмсалса, қалған ақшаға ерлі-зайыптылар Астанадан үш пәтер, жер телімін, бес автокөлік, бренд киім-кешек салып алған. Осы ақшаға шетелге шығып және букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған. 

«Ешкімді алдаған жоқпыз. Біздің ерекше баламыз бар. Адамдар өз еркімен көмектесті. Олар біздің қайғымызды, баламыздың жағдайын көрді. Баламызды Түркияда, Қытайда, Әзербайжанда, Ресейде емдеттік. Бұған 6 млн теңге емес, 160 млн теңге кетті. Пайызбен қарыз беретін адамдардан ақшаны бастапқыда тек ұлымды емдету үшін алдым, бірақ уақыт өте келе бұл адамдар бопсалай бастады, қорқытты. 5 жылдың ішінде олар бізден 700 млн теңгеден астам ақша алды», – деді Толқын Тотақанова соттағы соңғы сөзінде.

Сот ерлі-зайыпты Тотақановтарды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ, оларға он жылға дейін қайырымдылықыпен айналысуға тыйым салынды.