homepage
Фото: Видеодан алынған кадр

"Алтынмен аптаймын" деп жұртты 130 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ Түркияда тұтқындалды

09.01.2026, 11:02

Қазақстандық қыз-келіншектерді “алтынмен аптаймын” деп 130 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ келіншек Түркияда ұсталып, елге қайтарылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оны экстрадициялауды Қазақстанның Бас прокуратурасы, Интерполдың ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жұмылып отырып, жүзеге асырған. 

Тергеу дерегінше, күдікті 2024 жылы Қызылордада бірнеше адамға арзан бағамен зергерлік бұйым алып беремін деп уәде беріп, сегіз адамның 130 млн ақшасын алып, ізін жасырған. Кейін оның елден шығып кеткені анықталып, халықаралық іздеу жарияланды. Ол Түркия аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.