Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» дерегі бойынша қаралды.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы А.Жанболатты 15 жылға соттауды сұраған. Алайда сот айыпталушыны 14 жылға қатаң режимдегі түзеу мекемесіне жіберу туралы шешім шығарды.
Еске салайық, 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі аяусыз соққыға жығып, оның аураханада жан тәсілім еткені туралы ақпарат биыл маусым айында белгілі болды. Қайғылы оқиға Жетісу облысының Баласаз ауылында болған. Іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қайта ушықтырған.