homepage
Фото: ІІМ

Жангелдиндегі жантүршігерлік оқиға: күдік күйеу балада

09.01.2026, 10:01

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған жантүршігерлік оқиға бойынша отбасының күйеу баласы күдікті деп танылып, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды. Бұған дейін іздеу жарияланған отбасының екі мүшесінің мәйіті сарайда көмулі күйде табылған. Жангелдин ауылында тұрған 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Насип Өтешқалиева кеше жерленді. Ауылдастарының айтуынша ерлі-зайыптылар үшінші топтағы мүгедектер, мал бағумен айналысқан. 

Атырау облысындағы жоғалған отбасы ісі желтоқсан айының соңында басталған. 25 желтоқсанда туыстары Жангелдин ауылында тұратын бір отбасының бірнеше мүшесі ұзақ уақыт байланысқа шықпағанын айтып полицияға хабарлаған. Қазір отбасының тағы екі мүшесі 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл іздестіріліп жатыр. 

Тергеу барысында отбасының көрші ауылда тұратын кіші қызы мен күйеу баласының шет елде жүргені анықталды. Олардың бес баласы бар, қазір олар туыстарының қарауында. Істің мән-жайын анықтай келе, кеше полция 29 жастағы Махамбет ауылының тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жариялады.