Иранда жағдай ушығып барады. Кеше кешкісін елде интернет өшірілді. Осылайша, елдегі экономикалық ахуалға қатысты халықтың толқуы күш алмаса, басылар емес, билік баса алар емес, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
CNN мәліметінше, 8 қаңтар кешке Тегеран мен өзге де ірі қалаларда наразылық күшейген сәтте билік интернет пен телефон байланысын үзген. Иранда наразылықтардың басталғанына екі аптадан асты.
Интернеттің қолжетімділігін бақылайтын ұйымдар бұл қадамды биліктің көтерілісті күшпен басу әрекеті ретінде бағалап отыр.
Елде жүзден астам қаланың тұрғындары көшеге шыққан. Билік наразылықты тағы да күш қолдану арқылы басуға көшкен.
2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған наразылықтар кезінде кемінде 45 адам, оның ішінде сегіз бала қаза тапқан. Бұл туралы кеңсесі Норвегияда орналасқан IHRNGO хабарлады. Ұйым дерегінше, жүздеген адам жараланып, 2 мыңнан астамы ұсталған.
2025 жылғы маусымда да Иранда наразылықтар болып, билік бүкіл ел бойынша интернетті өшірген еді. Сол кезде Starlink спутниктік интернетін қолданған азаматтар жазаланатыны ескертілген.