Мемлекет қанша шектеу қойғанмен, қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуда айласын асырып бағуда. Енді қазақстандықтар жаппай ми ісігін емдеу үшін, қордағы артық ақшасын шешіп алып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. DataHUB деректеріне сүйеніп.
Өткен желтоқсан айында қазақстандықтардан радиохирургиялық емге зейнетақы жинағын біржолғы пайдалану үшін 7 154 өтініш келіп түскен. Төлемдердің жалпы көлемі 5,6 млрд теңгеден асты. Әңгіме гамма-пышақ пен киберпышақ сияқты қымбат медициналық әдістер туралы болып отыр, олар көбіне ми ісіктерін емдеуде қолданылады. Енді салыстырсақ, желтоқсанға дейін, яғни 11 айда зейнетақы жинағын арқылы мұндай емге пнебәрі 507 өтініш түскен, ал төлем сомасы шамамен 548 млн теңге болған. Яғни, көрсеткіш еселеп өсіп отыр.
Сарапшылар мұны БЖЗҚ бағдарламасындағы шектеулермен байланыстырады. Бұған дейін стоматология, офтальмология және пластикалық операцияларға зейнетақы қаражатын алу тоқтатылған еді.