homepage
Фото: ашық дерекөз

“Air Astana” ұшағы тағы да діттеген жеріне жете алмады

08.01.2026, 14:54

"Air Astana” компаниясына тиесілі ұшақтан тағы да ақау шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әуе кемесінің әжетханасы істен шығып, діттеген жеріне жете алмады. Сеулден Астанаға бет алған ұшақ, Қытай әуежайына қонуға мәжбүр болған. 

Қазір жолаушылар қытай әуежайында отыр, оларға тіскебасарлар мен су берілген. Әуе компаниясы қонақ үйге жайғастырып, ертең таңертең Астанаға аман-есен жеткіземіз деп уәде етіп отыр. 

Айта өтейік, 26 желтоқсанда да осы әуе компаниясының Фукуок-Алматы бағытындағы рейсі әуеге көтеріліп, әжетханасы істен шыққан соң, қайта қонып, рейсті кейінге шегерген болатын.