homepage
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

08.01.2026, 13:56

Танымал актер Мұрат Бисембин бүгін дүние салды. Ол 53 жаста болатын. Бұл туралы актердің қызы Диана Болатова хабарлады. 

Ол ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күресті. Оның дерті туралы алғаш хабар 2024 жылдың күзінде тарады. 2025 жылғы желтоқсанда актер инсульт алуына байланысты ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы туралы қызы Диана Болатова әлеуметтік желіде тұрақты жазып отыратын. 

Актер "Рэкетир" және "Ағайындылар" фильмдеріндегі рольдерімен аса танымал. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық кинематографияда өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі актер, тележүргізуші Мұрат Бисембиннің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестері мен барша өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтты.

"Мұрат Бисенбин – ұлттық кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Ол бірқатар фильмдер мен тележобаларда көрерменге кеңінен танылып, экранда жасаған көркем бейнелері арқылы отандық кинематография тарихында өз орнын алды", – делінген министрліктің жазбасында.