homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Рыбакина Брисбенде Бадосаны қапы қалдырып, ширек финалға өтті

08.01.2026, 10:20

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің 1/8 финалында сенімді ойын көрсетті. Әлемдік рейтингте бесінші тұрған қазақстандық спортшы бұл кезеңде Испания өкілі, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы Паула Бадосамен кортқа шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Кездесу екі сетке ғана созылды. Рыбакина қарсыласын 6:3 және 6:2 есебімен жеңіп, матчты бір сағат 26 минутта аяқтады. Ойын барысында қазақстандық теннисші бастаманы толық өз қолында ұстап, шешуші сәттерде басымдық танытты.

Осылайша Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол чехиялық Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.