Былтыр сыбайлас жемқорлық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабар берген 61 адамға жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бір жыл ішінде 1 052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның 860 ісі сотқа жолданған. Анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру деректеріне қатысты.
Тергеу нәтижесінде мемлекет бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Сонымен қатар құны 3,3 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынды.