homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Сиыр етінің экспортына шектеу қойылды

07.01.2026, 14:39

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне және үшінші мемлекеттерге ірі қара етін экспорттауға квота енгізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оған сәйкес, 2026 жылдың 30 маусымына дейін сиыр етінің экспорт көлемі 20 мың тоннадан аспауы керек. 

Квоталар мал бордақылау алаңдарынан мал алатын ет өңдеу кәсіпорындарына беріледі. Экспорт көлемі бордақылау қуатына қарай белгіленеді: 5 мың басы бар кәсіпорынға 1 мың тонна, 10 мың басқа – 2 мың тонна, 15 мың басқа – 3 мың тонна, 20 мың басқа – 4 мың тонна, ал 50 мың бастан асатындарға 10 мың тоннаға дейін рұқсат етіледі.

Министрлік бұл шешім мал өсіру мен бордақылау саласын қолдап, технологияға инвестиция тартуға және жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді деп отыр.

«Енді квота тетігі делдалдарды алып тастауға және толық циклді өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ, экспортты ашық етуге мүмкіндік береді. Квоталарды бөлумен және олардың көлемімен мемлекеттік органдар айналысады, олар қажет болған жағдайда байланысты ережелерді түзете алады», — деп атап өтті ведомствода.