Шымкентте 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«2026 жылы 6 қаңтарда жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды», - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.
Анықталғандай, ол “лейкоз” дертіне шалдыққан.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен шақыртылған. Ол әскерге алынғалы бері бірнеше рет медициналық қызметке жүгінген.
Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.