Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Oxford University оқытушылар құрамына қабылданды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол Teaching Fellow, яғни оқытушы-зерттеуші қызметін атқаратын болады. Бұл мәртебе университетте ғылыми зерттеу жүргізумен қатар студенттерге дәріс оқуға мүмкіндік береді.
Меруерт Бижанова 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдағаннан кейін Пенсильвания университетінде білім алған. Сол жерде студенттік ассамблеяны басқарған. 2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданып, енді ғылыми зерттеу мен оқытушылықты қатар алып жүрмек.