homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Тәжікстандық алаяқ Шортандыда ұсталды

07.01.2026, 11:13

Тәжікстанда алаяқтық жасап, қашып кеткен ер адам бес жылдан кейін Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz облыстық полиция департаментіне сүйеніп.

Полиция мәліметінше, Шортанды ауданында 45 жастағы азамат қолға түскен. Ол Тәжікстан Республикасының Соғды облысында алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, сол елдің Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша іздеуде болған. Күдікті тергеу органдарынан жасырынып, 2021 жылы Қазақстан аумағына өткен. 

«Іздеуде жүрген адам Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұрып, Шымкент пен Астанадағы құрылыс нысандарында жұмыс істеген. 2025 жылдың желтоқсанында ол Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентіне келіп, сол жерде ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қосымша тексеру жүргізіп, істің барлық мән-жайын анықтауда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оны Тәжікстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.