homepage
Фото: “Ақ жайық” басылымы

Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

06.01.2026, 18:38

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасының екі мүшесі өлі табылды. Үйдің отағасы мен оның жұбайының денесі сарайда көмілген. Бұл деректі Атырау облысының полициясы растады. 

Отбасының қалған екі мүшесі іздестіріліп жатыр. Полиция “Адам өлтіру” бабв бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Бұған дейін, бір отбасының төрт бірдей мүшесі  2025 жылдың күзінен бері хабар-ошарсыз кетіп, туыстары полицияға тек 25 желтоқсанда ғана арызданғанын хабарлаған болатынбыз.