Жапонияның батысында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дүмпу Симанэ және Тоттори префектураларында сезілген, алайда цунами қаупі жарияланған жоқ.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі алдағы бір аптада осы аймақта қайталама әрі күшті жер сілкіністері болуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Таңғы уақытта бірнеше жерасты дүмпуі қатарынан тіркелген, олардың магнитудасы 5 балдан асқан.
Қазіргі мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен ірі шығын туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінен кейін электр желісіндегі ақауларға байланысты батыс аймақтарда жылдам пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылып, бірқатар автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді. Премьер-министр кеңсесі жағдайды бақылау үшін арнайы үйлестіру штабын құрды.