Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.
Өкімге сәйкес, Асқар Мұстабеков бұрын атқарған қызметінен босатылды. Ол 2024 жылдың 22 қаңтарынан осы уақытқа дейін Ұлттық қорғаныс университетін басқарып келген.
Генерал-майор әскери шеніне ие және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.
Еске салайық Мемлекет басшысы 24-нші желтоқсанда осы лауазымда төрт ай ғана отырған Серік Борамбаевты босатқан болатын.