homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

КТК соққысын қолдаған пікірлер бойынша қылмыстық іс қозғалды

06.01.2026, 14:16

Астана қалалық полиция департаменті Каспий құбыр консорциумының нысандарына жасалған шабуылды қолдап, пікір жазған қазақстандықтарды тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жолдаған сауалға берген жауабында айтты, деп жазады Juzmedia.kz.

Тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі – ұлттық араздықты қоздыру бойынша тіркелген. Бас прокуратураның хабарлауынша, құқық қорғау органдары аталған пікірлерді таратқан тұлғаларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін дәлелдер жинап жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Мәселе 17 желтоқсанда Мәжіліс отырысында көтерілген. Сол кезде депутат Айдос Сарым Бас прокурор мен Мәдениет және ақпарат министріне үндеу жолдап, Каспий құбыр консорциумы нысандарына жасалған шабуылды қолдайтын азаматтардың әрекетін терроризмді насихаттау немесе мемлекеттік опасыздық ретінде қарастыруды ұсынған болатын.