Қазақстанда автокөліктің «әдемі» және бірдей цифрлы нөмірлер алу тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте цифрлық даму және жасанды интеллект бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, соңғы күндердегі арнайы ХҚКО ұзын-сонар енді қайталана бермек. Әдемі нөмірлерді таңдау сервисі іске қосылғалы ел бойынша шамамен 11 мың өтінім түскен. Вице-министрдің айтуынша, сұранысты азайту үшін арнайы ХҚКО-ларда операторлар саны арттырылған. Енді бұл сервисті онлайнға ауыстыру ойда бар.
«Алдағы бір-екі күнде сұраныс сақталуы мүмкін. Бірақ осы аптада әдемі нөмірді онлайн форматта, eGov мобильді қосымшасы арқылы таңдауға мүмкіндік береміз. Сонымен қатар “Азаматтарға арналған үкімет” те цифрлық сервисті іске қосады», – деді ол.
Еске салайық, 5 қаңтарда Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдау қызметіне байланысты сұраныс күрт артқан еді.