homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы метросы: әуежай мен Алатаудың арасы

06.01.2026, 11:07

Алматыда метроның екінші және үшінші желілері жобаланып жатыр, ал бірінші желіні ұзарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазір бірінші, «қызыл» желі 11 станциядан тұрады. Ол батысқа қарай «Қалқаман» және «Барлық» бағытына, ал шығысқа қарай «Алматы-1» вокзалына дейін ұзартылмақ. Жоба іске асса, желінің ұзындығы 29,2 шақырымға, станциялар саны 20-ға жетеді.

«Біздің міндет – транспорттық хабтарды байланыстырып, сол жерлерден жолаушылар ағынын алып кету», – деді Асхат Садуов.

Екінші, «көк» желі «Жібек жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейін барады.

«Бұл бағыттың техникалық-экономикалық негіздемесі дайын, қазір әуежаймен станцияның орналасуы бойынша келіссөз жүріп жатыр», – деді ол.

Үшінші, «жасыл» желі «Қазақфильм» ауданынан басталып, «Сайран» арқылы Алатау қаласына дейін созылады.

«Бұл желінің негізгі мақсаты – солтүстік көлік торабы мен қаланың орталығын байланыстыру», – деп түсіндірді Садуов.

Метро құрылысының баяулауына тоннель қазатын техниканың жетіспеуі себеп болып отыр.