homepage
Фото: Zakon.kz

6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

06.01.2026, 09:28

6–8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан циклондар жылжып, елдің бірқатар өңірінде жауын-шашын күшейеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Қазгидромет дерегіне сүйеніп.

Батыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар, боран болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада қар жауып, боран соғады, жел екпіні 20–23 м/с-қа дейін жетеді, күндіз 2–4 градус аяз болады. Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, түнде тұман, күндіз ауа температурасы 2–5 градусқа дейін көтеріледі.