Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын Шешенстан Республикасының вице-премьері лауазымына тағайындады. Ол сондай-ақ, бұған дейін атқарып келген Дене шынықтыру және спорт министрі қызметін сақтап қалмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz
Ахмат Қадыров 2005 жылы дүниеге келген. Ол 17 жасынан, яғни 2022 жылдан бері әкесі Рамзан Қадыровтың кеңесшісі қызметін атқарып келеді.
2023 жылдың қарашасында ол спорт, дене шынықтыру және жастар саясаты министрлігінің бірінші орынбасары, 2024 жылдың 17 ақпанында Шешенстан Республикасының Жастар ісі министрі болып тағайындалды. Ал, сол жылдың мамырында Дене шынықтыру және спорт министрі атанды.
Сондай-ақ, ол «Ахмат» футбол клубының президенті болып сайланды.
Соңғы уақытта Рамзан Қадыровтың денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тарап жүр. Алайда, ол егер Владимир Путин қолдаса 2026 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Кремльдің оған “кет” демейтіні әрине түсінікті.