homepage
фото: ашық дереккөзден

Түнектегі төрт жыл: қаңтар оқиғасында көзінен айырылған азамат өтемақы ала алмай жүр

05.01.2026, 21:14

Бүгін Алматыдағы алаңда бір топ белсенді жиналып, Қаңтар құрбандарын еске алып, құран бағыштады. Алаңға Қаңтар оқиғасы кезінде көзіне резеңке оқ тиіп, жанарынан айырылған Ермек Әбдірешов те келді. Ол мемлекеттен өтемақы ала алмай жүргенін айтқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ara Media-ға сілтеме жасап.

“Жылда келетін осы азын-аулақ адам. Қалған халықтың көзін неге шал басқанын білмеймін. Шындыққа, ақиқатқа тура қарағысы келмейді” деп, бастады өз наласын Ермек Әбдірешов.

“Бүгін міне, қара түнекке түскеніме тура төрт жыл толды. Өтемақыны әлі ала алмай жүрмін. Қазан айында кассациялық соттан арызымның қабылданғаны туралы хат келген, содан бері үнсіз. Мемлекет маған 2 млн теңге өтемақы бермекші, мен мұнымен келіспеймін. Мұндай сома жеңіл жарақат үшін беріледі.  Ал, менің көзім көрмейді, Тепсе темір үзетін азаматты, мемлекет мүгедек қылып қойды”, дейді ол .