Қанды қаңтар трагедиясына төрт жыл толды. Осынша уақыт өткенмен бұл оқиғаға әлі толық баға берілмеді.
Әркім әлі күнге әртүрлі айтып жүр. Бірі, «Қаңтар оқиғасы» дейді, «Қаңтар көтерілісі», «Қаңтар төңкерілісі», «Қаңтардағы наразылық» деп жүргеніміз де сондықтан.
Ресми дерек сол күндері Қазақстанда 238 адам қаза тапты дейді. Арасында қаңғыған оқтан қаза тапқан бейбіт тұрғындар да бар. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығыстың ең кішкентай құрбаны – төрт жастағы Айкөркем Меделхан болатын.
Қаңтар оқиғасына қатысты кейбір сот процестері, сондай-ақ, қаңтарда ұрланған қаруды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деді президент бүгін «Түркістан» газетіне берген сұхбатында.
«Қазір, арада біраз уақыт өткен соң, пиғылы арам әрі сана-сезімі таяз кейбір адамдар мемлекетіміздің елді құрдымға жібере жаздаған сұмдық берекесіздіктен аман қалғаны жайлы әңгімені әдейі айналып өтіп, қасақана ойына келгенді айтып жүр», деді Тоқаев.
Ал бүгін, 5 қаңтарда Алматының Республика алаңында бір топ белсенді 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алып, аза тұтып, құран бағыштады. Оларды полиция мен ішкі саясат қызметкерлері сырттай бақылап тұрған.