homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Көлік нөмірін алуға кезек көбейді

05.01.2026, 17:36

Қазақстанда көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі енгізілгеннен кейін арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек артты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлік нөмірін цифрлық және әріптік белгілері бойынша еркін таңдай алады. Осы өзгеріске байланысты 5 қаңтар күні еліміздің бірқатар өңіріндегі арнайы ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан Ақтау мен Алматыдағы орталықтарда қарақұрым халықты байқауға болады. 

Аталған жағдайға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы барлық арнайы ХҚКО-лардың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын, азаматтарға қызмет көрсету әдеттегі тәртіппен жүргізіліп жатқанын және ақпараттық жүйелерде ешқандай техникалық ақау тіркелмегенін хабарлады.