homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Швейцария Мадуроның активтерін бұғаттады

05.01.2026, 17:14

Швейцария Венесуэла президенті Николас Мадуро мен онымен байланысты тұлғалардың ел аумағындағы барлық активін бұғаттады. Бұл туралы Швейцария Федералдық кеңесінің ресми мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мәлімдемеге сәйкес, 2026 жылғы 5 қаңтарда Федералдық кеңес Швейцариядағы Мадуроға және оған қатысы бар өзге де тұлғаларға тиесілі активтерді дереу бұғаттау туралы шешім қабылдаған.

«Бұл шешімнің мақсаты – активтердің шетелге шығарылуына жол бермеу», – делінген хабарламада.

Аталған шара 2018 жылдан бері эмбарго туралы заң аясында Венесуэлаға қарсы қолданылып келе жатқан санкцияларды толықтырады. Сонымен қатар активтерді бұғаттау қазіргі Венесуэла үкіметінің мүшелеріне қатысты қолданылмайтыны атап өтілген.

Федералдық кеңес алдағы сот процестері барысында қаражаттың заңсыз жолмен алынғаны дәлелденсе, Швейцария бұл қаржының Венесуэла халқының игілігіне жұмсалуына күш салатынын мәлімдеді.