homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Кезек Колумбия президентінде: Трамп Петроны да айыптады

05.01.2026, 16:44

АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия президенті Густаво Петроны есірткі саудасына қатысы бар деп ашық айыптады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Interfax агенттігінің хабарлауынша, Трамп Венесуэладағыдай әскери немесе арнайы операция жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. Оның айтуынша, Колумбияны «кокаин өндіруді және оны АҚШ-та сатуды қалайтын науқас адам» басқарып отыр.

«Оның кокаин зауыттары бар», – деді Трамп журналистермен әңгіме барысында.

АҚШ Колумбияға қарсы операция бастауы мүмкін бе деген сұраққа Трамп: «Маған бұл тартымды естіледі», – деп жауап берді.

Айта кетейік, 3 қаңтарда АҚШ арнайы жасағы Каракаста Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап, оны АҚШ аумағына жеткізген. Оған есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылмақ. Николас Мадуро 5 қаңтарда Нью-Йорктегі АҚШ федералдық сотында жауап береді.