homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы отставкаға кетті

05.01.2026, 16:22

Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк отставкаға кету туралы өтініш жазды. Бұл туралы аталған арнайы қызметте бұрын жұмыс істеген журналист Станислав Речинский әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

«Малюкты әбден қысты, өтініш жазды», – деп жазды Речинский.

Оның айтуынша, Малюктің орнына екі кандидат қарастырылып отыр: Украина Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад және «А» арнайы операциялар орталығының басшысы Евгений Хмара.

Украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірқатар жоғары лауазымды әскери тұлғалар Малюкті қызметтен босатуға қарсы шыққан.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Будановке президент кеңсесін басқаруды ұсынғаны, ал Буданов бұл ұсынысқа келісім бергені хабарланған болатын.