Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде ұялы интернеттің баяулап, кей жағдайда мүлде істемей тұрғанына шағымдануда. Мобильді интернеттің едәуір кідіріспен жұмыс істеп тұрғанын Kcell/Activ компаниясының call-орталығы да растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алайда, операторлар бұл кедергілер компанияның кінәсінен емес деп отыр. Жалпы, ақау нақты бір телефон үлгісіне немесе оператордың техникалық жүйесіндегі бұзылысқа қатысы жоқ. Байланыс операторлары қазақстандықтарға ұялы интернеттің қалыпқа келуін тек күтуге кеңес береді.