homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Оңтүстікте жер сілкінді

05.01.2026, 14:32

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 3,7 балл. 

Ал Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің магнитудасын 4,2 балл деп бағалады. Олардың дерегінше, эпицентр Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан.

Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.