homepage
Фото: Ашық дереккөзден

2025 жылы халық саны қаншаға өсті?

05.01.2026, 12:30

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресми дерекке сәйкес, ел халқы 20 478 879 адамға жеткен. Жыл басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. Осылайша 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан.

Халық ең көп шоғырланған өңірлер қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр – 2 345 012 адам. Одан кейін Түркістан облысы – 2 148 168, Астана – 1 630 640, Алматы облысы – 1 592 652 адам.

Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асатын өңірлер қатарына Шымкент қаласы (1 291 011), Жамбыл облысы (1 215 892) және Қарағанды облысы (1 131 438) кіреді.

Ал ең аз қоныстанған өңірлер ретінде Ұлытау облысы – 219 200 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам және Абай облысы – 596 мың адам тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қалалық жерде 13 013 064 адам өмір сүрсе, ауылдық елді мекендерде 7 465 815 тұрғын бар.