Павлодарда сот №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпия мәліметтерді жария еткені үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сотта анықталғандай, колонияның бұрынғы басшысы жазасын өтеп жатқандарға қолайлы жағдай жасау үшін оның туыстарынан ақша алып келген. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпия ақпаратты заңсыз жария еткені дәлелденді.
Сот оны подполковник арнаулы атағынан айырып, мемлекеттік қызметте лауазым қызмет атқару құқығынан өмір бойына шектеді. Оған 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.