Бесінші қаңтарда Тоқаевтың Turkistan басылымына берген сұхбаты жарияланды. Оның барысында президент жақында Кремльде өткен Назарбаев пен Путин кездесуі жайлы да пікір білдірді.
"Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді… Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын", – деді Тоқаев.
Кездесу жайлы жазған кейбір ресейлік басылымдар Қазақстанда 2029 жылы билік транзиті болады деген қауесет таратқан еді.
"Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл ба"», – деді президент алып-қашпа әңгіме жайлы.
28 желтоқсанда Назарбаев Кремльге барып, Путинмен кездескен видеосы жарияланған.
Мәжіліс депутаттары Назарбаевтың бұл әрекетін сынап, елден шығаруға тыйым салу керек деп ұсыныс та айтқан.