homepage
Фото: Kremlin.ru

“Өтініп сұранған”: Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуі жайлы пікір білдірді

05.01.2026, 10:46

Бесінші қаңтарда Тоқаевтың Turkistan басылымына берген сұхбаты жарияланды. Оның барысында президент жақында Кремльде өткен Назарбаев пен Путин кездесуі жайлы да пікір білдірді. 

"Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кез­десулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ре­сей президентінің өзі де атап өтеді. Таяу­да өткен Санкт-Петербургтегі бас­қосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойын­­ша қабылдайтынын айтқан еді… Ондай әңгімелер барысында не ай­тылғаны маған қызық емес, бұл туралы еш­қашан сұрақ қоймаймын", – деді Тоқаев. 

Кездесу жайлы жазған кейбір ресейлік басылымдар Қазақстанда 2029 жылы билік транзиті болады деген қауесет таратқан еді.

"Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, ал­дымызда табанды жұмысқа толы бір­неше жыл ба"», – деді президент алып-қашпа әңгіме жайлы.  

28 желтоқсанда Назарбаев Кремльге барып, Путинмен кездескен видеосы жарияланған. 

Мәжіліс депутаттары Назарбаевтың бұл әрекетін сынап, елден шығаруға тыйым салу керек деп ұсыныс та айтқан.