Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапқаны үшін сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған. Зардап шеккен оқушы қыздың анасы бейнежазбаны көргенде дереу полицияға арызданған. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Lada.kz жазуынша, іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, одан сөйлесу үшін сыртқа шығуды өтінген. Артынша сыртқа шыға салып, «Неге маған жала жауып жүрсің?» деп бас салып соққыға жығып, онымен қоймай, өз әрекетін видеоға түсіріп алған.
Зардап шеккен қыздың анасы бейнежазба бар екенін білген сәтте полицияға арызданып, дәлел ретінде бейнекадрларды ұсынған.
Іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
«Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған (ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына. 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды болды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Әзірге ешкім апелляциялық шағым түскен жоқ.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.