homepage
Фото: Christian Klindt Soelbeck/REUTERS архиві

Трамптың мәлімдемесі Дания мен Гренландия билігінің шамына тиді

05.01.2026, 10:16

Дания мен Гренландия үкімет басшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемелерін “орынсыз” деп айыптап, ресми Вашингтоннан бұлай қысым көрсетуді доғаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Гренландияны АҚШ басып алуы керек деп айту мүлде ақылға қонбайды. АҚШ Дат корольдігінің құрамындағы үш елдің бірде-бірін аннексиялай алмайды», – деді ол.

Премьер сондай-ақ Вашингтонды одақтас елге қысым көрсетпеуге шақырды.

 «Гренландия өз жауабын әлдеқашан берді. Арал сатылмайды», – деді Фредериксен.

Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен де Трамптың сөзін сынға алды.

«АҚШ президенті “бізге Гренландия керек” деп, оны Венесуэла мен әскери араласумен байланыстырып отыр. Бұл – құрметсіздік», – деді ол.

Бұл пікірлер Трамптың The Atlantic басылымына берген сұхбатынан кейін айтылды. Сұхбатта ол Венесуэладағы әскери операцияны сөз етіп, «АҚШ-тың араласуы бұнымен шектелмеуі мүмкін» деген Трамп «АҚШ-қа Гренландия керек» деп мәлімдеген болатын.