homepage
фото: Ашық дереккөзден

Бүгін қазақстандықтарды қолайсыз ауа райы күтіп тұр

05.01.2026, 09:00

Қазгидромет 5-нші қаңтарға арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні ел аумағында қолайсыз ауа райы сақталады. Астанада ауа райы күрт нашарлап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Көшелерде жаяу бұрқасын жүреді. Атырау мен Маңғыстауда қалың тұман түсіп, көрініс шектеледі. Сондай-ақ, жел екпіні де артады.

Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы ықтимал. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, кейбір аймақтарда жел күшейе түседі.