homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Астанада әуе рейістері кешіктіріліп жатыр

04.01.2026, 17:26

Астана халықаралық әуежайында шамамен 40 рейс уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшып келуі тиіс 23 рейс және қаладан ұшуы керек 16 рейс кейінге шегерілген.

Кешігудің негізгі себебі – әуе кемелерінің басқа әуежайлардан кеш келуі. Астана халықаралық әуежайы барлық қызметтің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын және жолаушыларға уақытылы қызмет көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Осыған байланысты жолаушыларға рейстерінің мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыдан ұшуы тиіс бірқатар рейс те шегерілгені хабарланған.