Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес аясында SIM-карталарды рәсімдеу тәртібі өзгертілді. Енді азаматтар SIM-картаны тек биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана ала алады. Бұл талап жеке тұлғаларға да, бизнес өкілдеріне де бірдей қолданылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа ереже бойынша қызметтік SIM-карта рәсімдейтін компанияларда әр қызметкер жеке басын өзі растауға міндетті. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Сонымен қатар ұялы байланыс операторлары Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар анықталған жағдайда, нөмір дереу тексеріліп, байланыс қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін.