АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы кезінде кемінде 40 адам қаза тапқан болуы мүмкін. Құрбандар арасында әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Униан агенттігіне сілтеме жасап.
Венесуэлалық жоғары лауазымды шенеуніктің аноним дерегіне сүйенсек, елдің әуе қорғаныс жүйесін жою үшін АҚШ 150-ден астам ұшақ жұмылдырған. Осыдан кейін тікұшақтар арқылы арнайы операция күштері жеткізіліп, түнгі сағат 02:00 шамасында Каракас қаласында орналасқан президент резиденциясына шабуыл жасалған.
Мәліметтерге сәйкес, Николас Мадуро мен оның жұбайы тұтқындалып, бірнеше сағаттан соң Нью-Йорк қаласына жеткізілген. Кейінірек оның Бруклин тергеу изоляторына қамалғаны белгілі болды.