Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 12:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін «Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының 0–158 шақырым аралығы, «Чапаев – Жалпақтал – Қазталовка – РФ шекарасы» автожолының 0–201 шақырым аралығы және «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолының 4–104 шақырым аралығы жабылды.
Аталған учаскелер Қазталовка, Жәнібек, Чапай елді мекендері мен Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі бағыттарды қамтиды. Жолдарды 4 қаңтар күні сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жол қызметтері жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.