Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригеске президенттік өкілеттікті уақытша берді. Бұл шешім президент Николас Мадуро АҚШ арнайы операциясы кезінде ұсталып, елден шығарылғаннан кейін қабылданды ,деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот билік сабақтастығын сақтап, мемлекеттік басқаруда іркіліс болдырмау қажет екенін мәлімдеді. Осы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Венесуэланы өтпелі кезеңде «басқаратынын» айтып еді. Мадуроға АҚШ-та есірткі терроризмі мен қару сақтауға қатысты ауыр айыптар тағылған.
Делси Родригес АҚШ әрекетін айыптағанымен, елдің мүддесіне сай «құрметті қатынас» орнатуға дайын екенін білдірді. Халықаралық қауымдастық Венесуэлада жағдайдың ушығуынан қауіптеніп отыр.