homepage
Фото: ашық дереккөзден

Трамп Мадуро мен оның әйелінің тұтқынға алынғанын мәлімдеді

03.01.2026, 14:51

АҚШ Венесуэлада ауқымды әскери операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен оның әйелін ұстап, елден шығарды.

Бұл туралы АҚШ президенті Трамп Truth Social платформасында жазды.

Америка президенті бүгін Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз мәслихатын өткізетінін айтты.

Ал, бүгін таңертең АҚШ Венесуэланың бірнеше штатында азаматтық және әскери нысандарға соққы жасады. Ел астанасы Каракаста жеті жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, Венесуэла астанасындағы ірі әскери нысандардың үстінен түтін көтерілген. Олардың қатарында Ла-Карлота әуе базасы мен Фуэрте-Тьюна әскери базасы бар.