homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Мексикада жер сілкінісінен екі адам көз жұмды

03.01.2026, 11:38

Мексикада магнитудасы 6,5 болған жер сілкінісінен кемінде екі адам қаза тапты. Жерасты дүмпулері 2 қаңтар күні тіркелген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Эпицентрі елдің оңтүстігіндегі Сан-Маркос ауылы маңында болды. Зілзаланы орталық және оңтүстік өңірлернің тұрғындары сезінген. 

Қаза тапқандардың бірі – 60 жастағы ер адам. Ол эвакуация кезінде өзін жайсыз сезініп, құлап кеткен. Екінші құрбан – 50 жастағы әйел. Ол эпицентрге жақын жерде үйінің қирандылары астында қалған.

Чильпансинго қаласындағы аурухана ғимараты зақымданып, науқастардың бір бөлігі көшірілді. Жер сілкінісі Мехико қаласында да сезілді. Осы сәтте президент Клаудия Шейнбаум баспасөз мәслихатын тоқтатып, эвакуацияланды. Кейін жиын қайта жалғасты.