homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Тұтынушылық несие өсімі баяулады

03.01.2026, 11:04

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың борыш жүктемесін азайтуға бағытталған шаралар нәтижесін бере бастады. 2024 жылы енгізілген мораторийден кейін коллекторлық агенттіктердегі проблемалы қарыз алушылар саны 35%-ға қысқарып, 395 мың адамға азайды,  деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қарыз көлемі 27,6%-ға азайған. Микроқаржы ұйымдарында бұл көрсеткіштер 22% және 15% төмендеген.

Айта өту керек, 90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынды, сондай-ақ, кепілсіз несие беру мерзімі бес жылдан аспайтын болды. Осы шаралардың арқасында кепілсіз тұтынушылық кредиттің өсу қарқыны өткен жылы 13,2%-ға дейін баяулаған.

2026 жылы қаржы омбудсманының бірыңғай кеңсесін құру, борышкерлерге ұжымдық реттеу тетігін енгізу және жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығын жеделдету жоспарланып отыр.