homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында бір бала суға кетіп, қаза тапты

03.01.2026, 10:31

Алматы облысында төрт бала суға батып, біреуі қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылында болған. Төрт жасөспірім ойнап жүрген кезде су бетіндегі жұқа мұз жарылып, балалар суға батып кеткен. 

Оқиға орнында болған балықшы үш баланы судан аман алып шыққан. Алайда бір баланы құтқару мүмкін болмады. Кейін сүңгуірлер оның мәйітін алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.