homepage
Фото: Ашық дереккөзден

3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

03.01.2026, 10:10

Бүгін, 3 қаңтарда елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Солтүстік-батыста қалың қар жаууы мүмкін. Республика бойынша көктайғақ, тұман және екпінді жел тұрады. Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы −8…0 °С, күндіз −2…+5 °С дейін көтеріледі. Елдің орталығында түнде −18…−10 °С, күндіз −12…−5 °С дейін суытады.

Оңтүстікте түнгі температура −10…0 °С, күндіз −6…+2 °С, оңтүстік-шығыста түнде 0…+5 °С, таулы аймақтарда −13…−8 °С, күндіз −2…+3 °С шамасында болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +5…+13 °С дейін жоғарылап, күндіз −10…−5 °С дейін төмендейді.